Циррозға шалдыққан адамдарда бауыр жасушалары зақымданады және өздігінше қалпына келу қабілетін жоғалтады. Бауыр жасушалары тіршілігін жойғанда тыртық тіні қалыптасады. Тыртық тіні аса ұлғайғанда бауырдың қанмен қамтамасыз етілуі бұзылады.

Әдетте, улы заттектер мен алмасу өнімдері бауыр арқылы өткенде сүзгіленеді. Себебі, тыртық тіні аса ұлғайғанда бауырдың қанмен қамтамасыз етілуі бұзылады, қан сүзгіленбейтін болады. Улы заттектер және алмасу өнімдері организмде жинақталады. Ауыр жағдайларда цирроз комаға және өлім-жітімге апарады.    

Қалыпты жағдайда бауырдан қанның ағуы қақпа көктамыры (венасы) атты ірі қантамыры арқылы жүзеге асырылады. Егер цирроздың салдарынан бауыр арқылы қан ағуы бұзылса, осы көктамырдағы қан ағымы бәсеңдейді және қысымның артуына ықпал етеді. Қақпа венадағы қысымның артуы портальдық гипертензия аталады.

Дәрігер келесі симптомдардың болуы туралы сұрайды:

Тәбетті жоғалту; Жоспарланбаған салмақ жоғалту; Әлсіздік және шаршау; Жүрек айнуы Сары ауру (терінің және көздің ағының сарғаюы); Қошқыл-қоңыр түсті несеп; Қызыл алақан; Қан аралас құсық; Етеккір айналымының бұзылысы (әйелдерде) Назар қоюдағы қиындықтар, ұмытшақтық Терінің қышуы Іштің кебуі (іш қуысында сұйықтық жиналуымен).  

Бауыр циррозының пайда болу себептері қандай?

Цирроз кейде гепатитке байланысты болады (бауырдағы вирустық жұқпа), немесе организмге зиянды химиялық заттектердің ұдайы түсуінде пайда болады. Цирроздың пайда болуының кең таралған себебі – алкогольді үлкен мөлшерде тұтыну. Бұл алкогольдік цирроз аталады. Алкогольді үлкен мөлшерде тұтынатын әйелдер бауырдың алкогольдік циррозына бейім келеді. Егер алкоголь тұтынатын болсаңыз, бауыр циррозы белгісін тексеруі үшін бұл туралы емдеуші дәрігерге айту қажет. Алкогольді ұзақ уақыт бойы тұтынумен қатар және мастану (қысқа уақыт ішінде көп мөлшерде алкоголь ішу) да бауыр циррозының пайда болуына ықпал етуі мүмкін.   Портальдық гипертензияның себептері қандай? Егер қақпа венасы арқылы қан ағымының өтуі бұзылса, қан жүрекке басқа қантамырлар арқылы қайтуы тиіс, көбінесе, асқазан, өңеш және ішек веналары арқылы. Өтетін қанның көлемі артқандықтан, бұл тамырлар ісініп, кеңейеді. Бұл веналардың варикоздық кеңеюі.  Бұл тамырлардың қабырғалары жұқарған және жеңіл жарылуы мүмкін, себебі, олар қандағы биік қысымға бейімделмеген. 

Мұндай тамырлардан қан кетуі күрделі болуы, тіпті, өлім-жітімге апаруы мүмкін. Қақпа вена жүйесінде қан ағымы бұзылуынан уыттар бауырда жойылмайды, демек, организмде қалады.    Дәрігер циррозды қалай анықтайды? Дәрігер науқасты қарап, бауырдың қызметін зерттеу үшін тексерулерді тағайындайды. Бауырдың биопсиясы да тағайындалады. Бұл кезде бауырға жұқа ине енгізіледі, онымен тіннің шағын бөлікшесі алынады. Бауырды көрнекі ету үшін ультрадыбыстық щерттеу дк тағайындалады.   Бауыр циррозын және портальдық гипертензияны емдеудің нұсқалары қандай? Бауыр жасушалары зақымдалғанда оларды қалпына келтіру үшін ештеңе жасауға келмейді, цирроз да емдеп, жазылмайды. Емдеу  бауырдың әрі қарай зақымдалуын жоюға және асқынуын емдеуге бағытталған (мысалы, зақымдалған қантамырларынан қан кетуі). Қантамырлардың қабырғаларының зақымдануының алдын алу үшін дәрігер дәрілік препараттарды тағайындайды. Алайда, олардың жанама әсерлері болады және кейбір науқастар оны қабылдай алмайды. Сондай-ақ, портальдық гипертензия болғанда дәрігер қысымды азайту үшін препараттарды тағайындайды. Егер дәрілік препараттарды қабылдау жеткіліксіз болса, қан кетуін тоқтату үшін оперативтік араласу қажет болады. Нұсқалардың бірі – өңештен асқазанға өтетін тұсында варикоздық кеңейген венада қан ағымын тежеу. Ем-шараны өткізу үшін ұшында шамы бар икемді түтік ауыз арқылы асқазанға енгізіледі. Осыдан кейін кеңейген қан тамырына оларды тежеу үшін арнайы резеңке салынады немесе химиялық заттектер енгізіледі. Егер ем-шара тиімсіз болса, портальдық гипертензиясы бар науқасқа хирургиялық операция жасау қажет болуы мүмкін, оның барысында хирург қантамырларын қан ағымы бауырды айналып өтетіндей етіп қосады. Кейбір жағдайда  ТИПС (трансъюгулярлық бауыр ішілік портокавальдық шунтирлеу) аталатын ем-шара қоса жасалуы мүмкін.